ҰБТ пробный тест онлайн, тегін

Нағыз ҰБТ құрылымымен пән нұсқасы: сағат, бланк, тапсырған сәтте тексеріс және 140 балдық сызғыштағы болжам.

2пәнде ҰБТ нұсқасы дайын
0 ₸тіркелу, тапсыру, нәтиже
140балдық шкаламен болжам

Бес пән. 120 сұрақ. 140 балл.

ҰБТ компьютерде өтеді және 240 минутқа, яғни төрт сағатқа созылады. Үш міндетті пән бәріне ортақ, екі бейіндік пәнді таңдаған мамандығыңыз анықтайды. Ерекше білім беру қажеттілігі бар талапкерге 40 минут қосылады.

ҰБТ құрылымы: пән, сұрақ саны, балл және шекті балл
ПәнСұрақБаллШекті балл
Қазақстан тарихы20205
Математикалық сауаттылық10103
Оқу сауаттылығы10103
1-бейіндік пән40505
2-бейіндік пән40505
Барлығы120140

Шекті балдар — 2026 жылғы. Бір пәннен шектен төмен алған талапкер жалпы балы жоғары болса да грант конкурсына қатыса алмайды.

Бейіндік пәннің 40 сұрағы

Бір жауапты және мәтін бойынша сұрақ — 1 балдан, сәйкестендіру мен бір не бірнеше жауапты сұрақ — 2 балдан. Информатика нұсқамыз осылай құрылған:

25бір жауапты · 1 балдан
5мәтін бойынша · 1 балдан
5сәйкестендіру · 2 балдан
5бір не бірнеше жауап · 2 балдан

Университетке түсудің ең төменгі шегі

2026 жылғы шектер. Грант балы одан жоғары және әр мамандықта өзінше — күнделік оны сіз таңдаған мамандық бойынша көрсетеді.

50жалпы шек
65ұлттық ЖОО
70медицина
75педагогика, құқық

Нұсқа қалай өтеді.

  1. 1Пәнді таңдайсыз«Пәндер» бетінен дайын пәнді ашып, ҰБТ нұсқасын бастайсыз.
  2. 2Сағат жүредіБланкте сұрақ торы тұрады: қай сұраққа жауап берілді, қайсысы қалды — бір қарағанда көрінеді. Сұрақтар арасында еркін ауысасыз, күмәнді сұраққа белгі қоясыз.
  3. 3Жауап сақталадыӘр жауап серверге жетеді. Желі үзілсе, бланк соны айтады, ал жауаптар байланыс оралғанда жіберіледі.
  4. 4Бірден — тексерілген бланкҚай сұрақ дұрыс, қайсысы қате, қатенің дұрыс жауабы және әр блоктың балы. Баға күнделікке түседі, болжам 140 балдық сызғышта жаңарады.

Үш сұрақ — қазір, тіркелусіз.

ҰБТ форматындағы Информатика сұрақтары. Жауапты таңдаңыз — бірден тексеріледі.

  1. 1 · Информатика · Санау жүйелері

    101101₂ екілік санын ондық санау жүйесіне аударыңыз.

    Жауабы мен түсіндірмесі

    Дұрыс жауап — B) 45. 101101₂ = 1·32 + 0·16 + 1·8 + 1·4 + 0·2 + 1·1 = 32 + 8 + 4 + 1 = 45.

  2. 2 · Информатика · Ақпарат өлшемі

    Көлемі 2 Кбайт файлда неше бит бар?

    Жауабы мен түсіндірмесі

    Дұрыс жауап — D) 16 384. 1 Кбайт = 1024 байт, 1 байт = 8 бит. Сондықтан 2 · 1024 · 8 = 16 384 бит.

  3. 3 · Информатика · Логика негіздері

    A = 1, B = 0 болғанда қай өрнектің мәні 1-ге тең?

    Жауабы мен түсіндірмесі

    Дұрыс жауап — C) A ∧ ¬B. ¬B = 1, сондықтан A ∧ ¬B = 1 ∧ 1 = 1. Қалғандарының мәні 0: 1 ∧ 0 = 0; 0 ∨ 0 = 0; ¬(1 ∨ 0) = ¬1 = 0.

Қазір не дайын.

Пәндерді бірінен соң бірін ашып жатырмыз. Бес пәнді бір сағатпен тапсыратын толық сынақ бес пәннің бәрінде нұсқа дайын болғанда ашылады.

  • ИнформатикаҰБТ нұсқасы, 40 сұрақ · жаттығулар · сайысдайын
  • Оқу сауаттылығыҰБТ нұсқасы: екі мәтін, 10 сұрақдайын
  • Қазақстан тарихыҰБТ нұсқасы әзірленудеәзірленуде
  • Математикалық сауаттылықҰБТ нұсқасы әзірленудеәзірленуде
  • Математика, физика және басқа бейіндік пәндерәзірленудеәзірленуде
  • Толық сынақбес пән, бір ортақ сағат — әзірленудеәзірленуде

Жиі сұрақтар.

Пробный тест шынымен тегін бе?

Иә. Тіркелу, ҰБТ нұсқасы, тексерілген бланк, жаттығу және сайыс — бәрі тегін, жарнамасыз. Оқуға қатысты ақылы ештеңе жоқ.

Бес пәнді бірден тапсыруға бола ма?

Әзірге жоқ. Бес пәнді бір ортақ сағатпен тапсыратын толық сынақ әзірленуде. Қазір әр пән өз нұсқасымен тапсырылады, ал «Пәндер» беті олардың балын бір 140 балдық болжамға жинайды.

Сұрақтар ресми ҰБТ сұрақтары ма?

Жоқ. Құрылымы, сұрақ түрлері мен балл қою ережесі ҰБТ-дағыдай, ал сұрақтардың өзі — IBilim сұрақ банкінен. IBilim Ұлттық тестілеу орталығымен байланысты емес: ресми ҰБТ-ға тіркелу testcenter.kz сайтында.

Тапсырып болған соң не көремін?

Тексерілген бланкті: әр сұрақтың дұрыс не қате екенін, қате сұрақтың дұрыс жауабын және әр блоктың балын. Баға күнделіктің бүгінгі жолына түседі, ал күнделік ең әлсіз тақырыпқа жаттығу ұсынады.

Телефоннан тапсыруға бола ма?

Иә, бланк телефонда да, компьютерде де ашылады. Нағыз ҰБТ компьютерде өтеді, сондықтан толық нұсқаны компьютерде тапсырып көрген дұрыс.

Интернет үзіліп қалса, жауаптар жоғала ма?

Жоқ. Әр жауап серверге жіберіледі. Байланыс үзілсе, бланк соны көрсетеді, ал жауаптар желі қайта қосылғанда жеткізіледі.

Грантқа қанша балл керек?

Әр мамандықтың өз грант балы бар, ол жыл сайын өзгереді. Тіркелген соң мамандық пен университетті таңдасаңыз, оның грант балы сызғышқа түседі де, болжамыңыздың қасында тұрады.

Бірінші нұсқаны бүгін тапсырыңыз.

Тіркелу — email арқылы растау кодымен немесе Google аккаунтымен. Одан кейін «Пәндер» бетінен Информатика немесе Оқу сауаттылығы нұсқасын ашасыз.